Құрбан айтта қашықтықтан құрбандық шалуға болады. Ол үшін арнайы 3 орын белгіленген. Бұл туралы қаланың бас имам баспасөз отырысы барысында мәлімдеді. Осы орайда, Бақдәулет қажы Абдрахманов мұсылманның ұлық мейрамы қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасап, азық-түлік пен құрбандық малдарының бағасын көтермеуді сұрады.

 Онлайн құрбандық шалуға ниеттілер qurban2024.kz сайтына кіріп, малды таңдай алады. Онда, қой, ешкі, ірі қараның құны жазылған. Ал, ақшасын Kaspi QR арқылы аударасыз. Құрбандыққа қой мен ешкіні жеке адам, ірі қара мен түйені бір немесе жеті адам бірігіп шалса болады. Базар бағасына ұрынбай, белгіленген орындардан малды сатып алуға да мүмкіндік бар.


 Мұсылманның ұлық мейрамы қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасаған қаланың бас имамы азық-түлік пен құрбандық малдарының бағасын көтермеуді сұранды. Құрбан айт намазы қала бойынша 16-маусым күні таңғы сағат 6:00-де оқылады. Айт намазынан кейін құрбандық 3 күн бойында шалынады. Ал, арафа күні 15 маусым деп бекітілген. Айта кетейік, qurban2024.kz сайт арқылы құрбан етін алуға да өтініш қалдыруға болады.