Қала базарларында қауын, қарбыз сатыла бастады. Әуес асты жергілікті халық жапатармағай алып жатыр. Ерте піскен бақша өнімдері ағзаға зиян емес пе? Оны қалай таңдауға болады? Бұл сұрақтарға әріптесім Гүлнара Асқарқызы жауап іздеп көрген еді. Бейнематериалға назар аударайық.

 Шымкентте қауын, қарбыздың сатыла бастағанына да біраз болды. Бастапқыда Өзбекстаннан келген бақша дақылының келісі 230-250 теңгенің аралығында саудаланса, жергілікті өнім шыққалы бері арзандаған.

Көтерме сауда орнына келіп түскен бақша дақылдары арнайы зертханада міндетті түрде тексеріліп, әр саудагердің қолына рұқсат қағазы беріледі екен. Адам ағзасына зиян емес. Алайда көп жеуге болмайды. Өйткені...

Санитар мамандар әуес асты кез-кезген жерден сатып алуға болмайтынын айтады. Оны таңдаған кезде де мұқият болу керек. Қарбыз бен қауындағы нейтрат жылы кезінде шамадан тыс болуы мүмкін, сондықтан салқындатып барып тұтынған абзал.

Бақша дақылдарынан улану жағдайы тіркелмепті. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. «Қауын, қарбыздың қазан болып пісетін мерзімі - шілде айының соңғы күндері мен тамыз айы. Анағұрлым қауіпсіз болатын уақыт осы кез»,-дейді мамандар.