Мегаполисте спирттік өнімдерді заңсыз жасап, саудалап келген цех анықталған. Таяқтың бір ұшы кәсіпорынға спирт беріп келген зауытқа да тиіп отыр. Мекеме басшысы қылмыстан жалтару үшін құзырлы орган қызметкерлеріне пәра ұсынып қылмысқа қылмыс жамап алды. Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған алкоголь өнімдерін өндіру және сату цехын ұймдастырғандарға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

Тінту кезінде 6700 ге жуық жалған марка жабыстырылған арақ өнімдері мен 200 литр спирт және арақ өндіруге арналған жабдықтар анықталған. Олар өнімге қажетті спиртті Шымкенттегі спирт зауытынан алып келген. Осыған байланысты тергеушілер қаладағы спирт зауыты жұмысына да тексеру жүргізген. Онда заң талаптары бұзылу фактісі белгілі болды. Есепке алынбаған алкогольды өндіру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып келген. Зауыт басшысы мәселені оңай жолмен шешемін деп екінші қылмысқа ұрынды.