Түркістан қаласындағы “Керуен сарай” кешенінде қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық–саяси газетінің жүлдесі үшін дәстүрлі 61-ші турнир өтіп жатыр. Дүбірлі доданы ақсақалдар, спорт ардагерлері, тұрғындар мен қала қонақтары тамашалауда.

Бозкілемдегі палуандар бәсекесінде өңіріміздегі аудан, қалалардан келген жалпы саны 120-ға жуық спортшы белдесуде. Турнир аясында 6 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталады. Сондай-ақ, «түйе балуанға» автокөлік табысталмақ. Айта кетейік, дәстүрлі турнирдің мақсаты - ұлттық спорттың түрі қазақ күресін дамыту және облыстық жаттықтырушылары арасында тәжірибе алмасу, халық арасында қазақ күресін кеңінен насихаттап, балуандардың спорттық шеберлігін шыңдау еді.