«Жасыл ел» жалпыұлттық жобасының жаңа еңбек маусымы басталды. Жастарды еңбекке баулып, табиғатты аялауға шақыруды көздейтін шара Қошқар ата өзенінің бойынан бастау алды. Осы ретте жыл сайын еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып келе жатқан жобаның биылғы жаңалықтарын сюжеттен көріңіз.

 Күнту Арынбек – тілші

Жас жұмысшылар үш ай бойы тал-теректерді күту, көгалдандыру ісімен айналысады. Соынмен бірге елді мекендерді абаттандыруға үлесін қосады. Жалпы «Жасыл ел» еңбек жасағына тартылған азаматтардың арасында қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген азаматтар да бар. Соның бірі «аманаттық» жас Абай Сырлыбаев.


 «JASYL EL» еңбек жасағына өтінім қабылдау мамыр айынан баcталып, ерікті жастардан топ құрылған. Жобаға 16-34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатыса алады. Әлі де құжат қабылдау жүріп жатыр. Ол үшін әр аудан бойынша тиісті үйлестірушіге өтініш білдіру керек.


Жұмысшы жастарға арнайы киім үлгісі және қажетті құрал-жабдықтар толық берілген. Жобаны Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма ұйымдастырып отыр. Бағдарлама аясында жас қазақстандықтар қалаларды көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосып келеді.