Астана күніне орай сарыағаштықтар сенбілікке шықты. Аудан тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында Республикалық маңызы бар жолдардан бастап, ішкі орам көшелерге дейін тазартты. 900-дей тұрғын жұмылдырылған экологиялық акция жайында бейнесюжетте толығырақ.

 Сенбілік жұмыстарына еңбектеген баладан еңкейген қарияға де йін атсалысты. Аудан әкімі бастаған шараға 13 ауылдық округ пен тәртіп сақшылары, діни қызметкерлер, аудан жастары мен еріктілер жұмылдырылды. Акция аясында Республикалық маңызы бар А-15 тасжолының бойы, ішкі көшелерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Бұл күні шаһар көшелері бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазартылды. Қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ шөптері орылып, қураған ағаш бұтақтары кесілді. Бұл жұмыстарға 25 техника жұмылдырылып, 16 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Саябақтар және скверлер ретке келтіріліп, арық-атыздар тазаланды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан аумағында сенбілік жұмыстары жиі ұйымдастырылады. Тұрғындар тазалықты сақтауды күнделікті өмір салтына айналдыған. Сондай-ақ бұл жұмыс аудан орталығында ғана емес, ауыл округтерде, елді мекендерде де ұдайы өткізіліп келеді. Туған жерді таза ұстау – әр азаматтың борышы екенін жақсы біледі.