Өткен айда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің материалдары негізінде Қазақстанның үш азаматы лаңкестік сипаттағы қылмыстар үшін сотталды. 3 және 7 маусымда Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі жергілікті тұрғынды терроризмді насихаттады деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Осыған ұқсас қылмысы үшін Астананың ауданаралық қылмыстық сотында түзеу мекемесінде отырған елорда тұрғыны қосымша 6 жыл арқалап кетті. Ақпан айында ол билікті басып алуға, лаңкестік топ құруға және оған жетекшілік етуге, террористік қызметті ұйымдастыруға, сондай-ақ терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға шақырғаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол тергеу изоляторында бола тұра заңсыз әрекетін тоқтатпай, камераластарына терроризм идеологиясын насихаттауды жалғастыра берген.