9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні! Елімізде бұл мамандықтың орны ерекше. Олар елдің су ресурстарын пайдалануды есепке алумен, жоспарлаумен және басқарумен, оларды ластану әрі сарқылудан қорғаумен, су шаруашылығы жүйелерін пайдаланумен айналысады. Осы орайда, “Қазсушар” РМК Түркістан филиалы су саласында ұзақ уақытан бері еңбек етіп келе жатқан кәсіби су мамандары марапатталды.


Жандарбек Сүйіндіковтің су шаруашығы саласында қызмет еткеніне 37 жыл болыпты. Өңірдің сай-қыры мен арық-атызын бес саусағындай білетін ол, осы аралықта небір қиындықты бастан өткергенін айтады. Бүгін сол еңбегі еленіп, саланың ардагері төсбелгісімен марапатталды. Кәсіби мерекеде “Қазсушар” РМК Түркістан филиалында ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан мамандар марапатталды. Оларға Су шаруашылығы саласының үздігі, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табысталды. Жыл басынан бері “Қазсушар” Түркістан филиалы 415,74 шақырым каналды механикалық әдіспен тазалаған. Нәтижесінде, шаруалардың егіс алқаптарына кедергісіз су жеткізіліп отыр.