9 шілдеден бастап Жангелдин көшесі 13 "А" ғимаратында орналасқан Әл-Фараби аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы жөндеу жұмыстарына жабылды.


Уақытша қолайсыздықтарға байланысты қызмет алушыларды Мәделі Қожа 1"Г" мекенжайында орналасқан Тұран аудандық бөлімшесі қабылдап жатыр. Сондай-ақ дайын құжаттарды осы орталықтан алуға болады. Тұран аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Мемлекеттік корпорацияның Шымкент филиалы тұтынушылардан орын алған жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды. Жөндеу жұмыстары 1 айда аяқталады.