Төлебидегі «Қуаныш» лагерінде ұлттық дәстүр ұлықталды. Тәрбиешілер демалып жүрген оқушылардың бойына құндылықтарды сіңіреді. Сауықтыру аймағына келген төртінші лектегі жасөспірімдердің шарасын арна тілшісі көріп қайтты.

 Қатарларымен жарыса билеп, жазғы лагерде ұлттық биді дәріптеген жанның бірі - Махаббат Әбдікаримова. Қызылордалық қыз Төлебидің тұмса табиғатына тамсанады. Демалыс аймағында достар тауып уақытын қызықты өткізуде.

Оқушылар ұлттық ойындарды да қызыға ойнайды. Ер балалар асыр салып, асық атып жарысады. Қолөнерде назардан тыс қалмайды. Жас өнерпаздар қолдан тақия тігіп, қағаздан домбыра жасайды. Қуаныш лагері бір мезетте 250 баланы қабылдай алады. Жалпы жаз мезгілінде 8 ауысым болады. Әр ауысымның өз тақырыбы бар. Табиғаты тамылжыған Төлеби ауданының ауасының өзі шипа. Мөлдір суы дәруменге толы. Демалыстағы балалар төрт мезгіл тамақтанады. Шомылуға арналған төрт қауыздың екеуі жылыту жүйесімен қамтылған. Қуаныш лагері бүгінде балалардың құт мекеніне айналып отыр.