Өзбекстанның Наманган облысында ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің кітабы табылды. Одан бөлек XI–XIV ғасырға тән көне қылыштар да бар. Бұл туралы Наманган облысының әкімдігі хабарлады.

Сирек кездесетін Әл-Фарабидің үш кітабында ғылым, философия және тарихқа қатысты бірегей білім жазылған,-делінген хабарламада. Ахсикент археологиялық саябағының құрамындағы Жаңа Ахси кешеніндегі баға жетпес жәдігерлер саны онға көбейіп, коллекция 475-600 жылдарға тән Бактрия монетасы мен XIX ғасырда мөрленген Қытай монетасымен толыққан. Мамандар XI ғасырға тиесілі деп бағалаған қылыш ұрыс жағдайында сақталған. Оны Аксикенттің ұсталары қатты болаттан жасаған. Әлемдік болат орталығы ретінде танылған Аксикент жұмсақ және қатты болатпен танымал. Мұның жасалу жолы әлі күнге дейін жұмбақ. Екінші қару XIV ғасырға жатады және оны Әмір Темірдің арнайы сарбаздары қолданған, - деп хабарлады әкімдік.