26 шілде күні Франция астанасы Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Қазақстан спортшылары бүгінгі күнге дейін 25 спорт түрінен 80 лицензия жеңіп алды.

 Олимпиада ойындарында қатысушылар бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен сынға түседі. Жекелеген спорт түрлері бойынша қазақстандық боксшылар ең көп жолдаманы жеңіп алды. Ерлер құрамасынан 7 боксшы, ал әйелдер құрамасынан 3 боксшы жалпы 10 боксшы сынға түседі. Одан кейінгі ең көп жолдаманы татами шеберлері жеңіп алды. Ерлер 5 салмақта, ал әйелдер 3 салмақ дәрежесінде ел намысын қорғамақ. Үшінші орында жеңіл атлеттерімізден 7 спортшы тұр.