Биыл қаңтар-мамыр айларында туризм саласындағы негізгі капиталға қосылған инвестиция көлемі өскені байқалады. Көрсеткіш 271,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. 2023 жылы инвестиция көлемі 130 млрд теңгеден асты. ҚР Туризм және спорт министрлігі осылай деп хабарлады.

 Туризм саласындағы негізгі капиталға қосылған инвестиция көлемі 14 бағыт бойынша бағаланады. Оларға өнер, тамақтану, ойын-сауық, демалыс және жатын орындары, көлік, кітапханалар, мұрағаттар мен мұражайлар, жалға беру қызметтері, туристік бизнес, спорт және демалыс ұйымдастыратын мекемелер кіреді. 9 облыста инвестиция көлемінің артқаны анықталды.