Бүгін қазақстандық «Ордабасы» клубы футболдан Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысындағы алғашқы ойынын өткізеді. Шымкенттік клуб Молдованың «Петрокуб» командасын қабылдайды.

Кездесу 10 шілдеде сағат 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. «Ордабасы» клубы былтыр ел біріншілігінде тұңғыш мәрте чемпион атанды. Нәтижесінде биыл алғаш рет Чемпиондар лигасында бақ сынауға мүмкіндік алды. «Петрокуб» командасы 1999 жылы құрылған. Бұл клубта өз елінде алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды. Айтып өтейік, биыл Еуропа лигасында қостанайлық «Тобыл», Конференция лигасында елордалық «Астана» және «Ақтөбе» командалары ел намысын қорғайды.