Бүгін ветеринар мамандардың кәсіби мерекесі. Биылдан бастап 10 шілде Қазақстанда «Ветеринария қызметкерлері күні» болып бекітілді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті осы саладағы қызметті реттейтін және бақылайтын негізгі органға айналды.
Жаңа мереке жануарлардың денсаулығы мен жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосатын ветеринар мамандардың еңбегінің маңыздылығын атап өтуге арналған. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада аумақтық инспекцияларды, сондай-ақ 203 аудандық ветеринариялық станцияларды, 2 334 ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді қамтиды. Бұл ауылдық округтерден бастап республикалық деңгейге дейін бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.