Балалардың жазғы демалыстағы қауіпсіздігін сақтау басты назарда. Жеткіншектердің бос уақытын тиімді әрі жауапкершілікпен өткізу мақсатында қолға алынған шаралар да ауқымды. Мамандар мектеп оқушыларының 95 пайызын жазғы лагермен қамтуды көздеген. Сол арқылы балаларды түрлі оқыс оқиғадан арашалауға мүмкіндік мол,-деп отыр.
Жаз басталысымен ауыл-аймаққа ата-әженің ауылына баратын балалар азайған. Тиісінше қалада көпқабатты үйде гаджет пен смартфонға үңіліп отырған жастар көп. Оларды бір сәт сергітіп, жазғы лагермен қамту үшін бюджет пен жеке кәсіпкерлерден бөлінген қаржы ауқымды. Сәйкесінше сауықтырылған бала саны да жылдағыдан артқан.
Шіліңгір шілденің ыстыға шыдамай, өзен-көл жағалайтын жеткіншектер де жоқ емес. Рұқсат етілмеген орындарда суға түсіп, жазатайым оқиғаға тап болғандар да бар. Осы маусымда 1 суға кету дерегі тіркеліп, 5 бала терезен құлаған.
Балалар осы маусымда қала сыртындағы 7 лагерде демалады. 20 маусымнан бастап Түркістан облысының демалыс орындарына 200 бала жолданады. Бұл тізімнен балалар үйінің тәрбиеленушілері де шет қалмаған. 114 жеткіншекке жолдама беру көзделіп отыр.