Кене шағып, Конго-қырым қанды геморрагиялық қызбасынан ер адам қайтыс болды. 61 жастағы азамат Шымкент қалалық инфекциялық ауруханасында көз жұмған. Медициналық қызметке тым кеш жүгінген науқастың өмірін ақ халаттылар қанша тырысқанымен құтқара алмады.

 КҮНТУ АРЫНБЕК, ТІЛШІ

Кене шағуынан қауіпті вирус жұқтырып, қаза тапқан адам Түркістан облысының тұрғыны. Марқұм Сайрам ауданында мал бағып, күнелткен. 18 маусым күні аса ауыр жағайда жансақтау бөліміне түсіп, 21-ші маусымда көз жұмған.

 БАҚТЫҒАЛИ ЕРЕЖЕПОВ, ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ 8295: 05,47-00,56; 06,21-06,30; 05,57-06,11;

-Түркістан облысының тұрғыны өте ауыр жағдайда түсіп, қаза болды. Өте кеш болды, ауруының төртінші күнінде түсті. Бізге келгенде ол кісінің барлық жағынан қанау белгілері байқалды. Екінші жағдай Шымкент қаласының тұрғыны, ол 12 жасар бала. Жатқанына сегіз күн болды, протокол бойынша 14 күн бақылап, үйіне шығарылады. Қазіргі жағдайы ораша ауыр.


 Мамандар биыл кене шағу дерегінің күрт көбейгенін айтады. Былтыр Шымкентте жалпы 1 ғана жағдай тіркелсе, 2024 жылдың алты айында 5 дерек анықталып, екеуінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы нақты расталған. Сондықтан қаланың бас инфекционисі жазғы маусымда барынша сақ болуға шақырды.


КҮНТУ АРЫНБЕК, ТІЛШІ

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алудың жалғыз жолы - қорғану. Табиғатқа демалысқа шыққанда мейлінше жабық киіну қажет. Денеден кенені байқаған жағдайда жалаң қолмен жұлып алуға, езуге болмайды. Бірден дәрігерге жүгіну керек.