Жыл басынан бері 195 млрд теңге өтелген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі активтердің қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали бұл істің маңызды екенін айтты.
Процесс бұзылған құқықтар мен әлеуметтік әділетті қалпына келтірудің маңызды құрамдас бөлігі,-дейді ол. Қазақстан халқына 2,5 жылда олигополиялар тарапынан 1,07 трлн теңге қайтарылды. Бұл жұмыс – БҰҰ-ның тиісті Конвенциясында белгіленген жемқорлыққа қарсы күрестің іргелі халықаралық қағидаты. Қазіргі жағдайда қаражат көбінесе басқа юрисдикцияларға шығарылады, сондықтан ұрланғанды анықтау және қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастық маңызды. Агенттік халықаралық құқық қорғау желілерімен – БҰҰ жанындағы GlobE, Эгмонт, CARIN және ARIN тобымен белсенді ынтымақтастық жүргізуде, бұл шетелдік серіктестермен ақпарат алмасуды айтарлықтай жеделдетеді және жеңілдетеді.
Бүгінгі таңда Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволармен 13 меморандум жасасты, оның 4-іне ағымдағы жылы қол қойылды. Атап айтқанда: Әзірбайжан, Гонконг, Катар және Ресей. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоспарында үш негізгі вектор – Еуропа, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия ынтымақтастығын одан әрі кеңейту көзделген.