Тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі құрылыс сапасына әкімдер жеке өздері жауап береді. Премьер-Министр Олжас Бектенов инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша кеңес өткізді. Әкімдіктер қажетті қаржымен толық қамтамасыз етілген, үйлердің үлгілік жобалары да бекітілді.

Дегенмен кей өңірлерде жұмыс 15-25 күнге артта қалып отыр. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола және Атырау облыстарында қарқын төмен. Үкімет басшысының тапсырмасымен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев пен бірнеше вице-министр барлық жұмыс аяқталғанға дейін тікелей құрылыс алаңдарында болады. (( КЕСТЕ)) Қазіргі таңда зардап шеккен аймақтардағы үйлер толық тексеріліп, бағаланды. Қорытындысында, 9 200-ден аса үй жөндеуге жатады. 7,5 мың отбасы өтемақы алған. Шаруаларға суға кеткен мал үшін 2,8 млрд теңге төленді. 34 мыңға жуық адамға біржолғы өтемақы берілді. Ал, шағын және орта бизнестің 178 өтініші мақұлданып, 1,5 млрд теңге шығындары өтелді. Жергілікті жолдарды жөндеуге 22,7 млрд теңге бөлініп, мектептерді қалпына келтіруге 7,5 млрд теңге бағытталған. Үкімет басшысы құрылыс сапасын қатаң бақылауды тапсырды.


ҮЙЛЕРДІ БАҒАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ 100 % АЯҚТАЛДЫ

9 243 нысан жөнделеді

7505 (отбасы суреті) өтемақы алды

Жалпы сомасы 44,1 млрд теңге

Суға кеткен мал үшін берілген өтемақы - 2,8 млрд теңге

33 820 адам - 100 АЭК өтемақы алды - 12,5 млрд теңге

Жолдарды жөндеуге - 22,7 млрд теңге

Мектептерді қалпына келтіруге - 7,5 млрд теңге