Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бұрынғы қызметкеріне халықаралық іздеу жарияланды. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп отыр.
Мәліметті агенттіктің өзі ресми жариялап, хабарлап отыр. Күдікті туралы қандай да бір ақпарат берген адамның анонимді болатыны және сыйақы тағайындалатыны жазылған. Хабарламада Дәуренбек Қожабаевқа ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыс жасады деген күдік тағылғаны көрсетілген.
Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, Агенттікке 1424 – Call-орталық арқылы хабарласуға болады.