Ұлттық қауіпсіздік комитеті үндеу жасады. Қазіргі уақытта алаяқтық әрекет фактілері жиілеп кетті. Онда алаяқтар күштік құрылымдардың, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшыларының да атынан азаматтарға хабарландыру жасап жатыр.


 Алаяқтар атап айтқанда, телефон қоңырауын шалып немесе өздерінің мүддесі үшін қаржылық және басқа операцияларды жүргізу туралы өтініштері немесе талаптары бар мәтіндік хабарламалар жібереді. Бұл ретте азаматтарға олардың атына қылмыстық мақсатта пайдаланылған ақшалай несие ресімделгені тәрізді, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы қорқыту хабарлама келеді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлдары жиі жіберіледі. Еске салайық, комитет қызметкерлері міндеттерін атқару кезінде азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға өкілеттігі жоқ. Егер сіз немесе танысыңыз осындай жағдайда тап болса, тез арада әңгімені, хат жазысуды тоқтатуы және 102 телефоны бойынша полицияға жүгінуі тиіс.