Арызын арқалап әкімдік ғимаратының алдына барған 100-ге жуық кәсіпкердің жұмысы заңсыз. Бұл жөнінде Шымкент қаласының кәсіпкерлік басқармасының басшысы мәлімдеді. Құм, шағал тас саудалайтындар қала сыртына 6 ай бұрын көшуі қажет болған. Алайда, күнде жергілікті атқарушы органдар тарапынан түсіндіру жұмысы жүргізілсе де көшкісі келмейтін кәсіпкер көп.


 Алматы айналма тас жолының Әл-Фараби көшесімен қиылысатын жерінен бастап, Сырым батыр жолымен ұштасатын маңына дейінгі аралықтың жайы осы. Жол бойына жайылған сауда орындары. Үнемі шаң-тозаң, у-шу.

 Тұрғындардың берекесін алғаны былай тұрсын, қала көшелерін зақымдап жатыр. Мегаполис жолдары мұндай ауыр массадағы көліктердің тауар тасуына лайықталмаған.  Кәсіпкерлердің әкімдікке арыз-шағымы негізсіз, себебі, олар заңсыз саудамен айналысып отыр. Сатушыларға ешкім тыйым салмайды, олар өз тауарын қалағанынша сата алады, дегенмен рұқсат етілген орында. Қауіпсіздік, техникалық талаптары баршаға ортақ. Айта кетейік, құрылыс материалдарын саудалайтын кәсіпкерлерге қала сыртындағы 5 жерден индустриялды аумақтар дайындалған. Көшіп барып, емін-еркін жұмыс істеуге болады.