Терезеден құлау жайты тыйылмай тұр. Үшінші мегаполисте жыл басынан бес бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап біреуі мерт болған. Қайғылы жағдай қайталанбас үшін төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар арасында түсіндірмелік жұмысын жиілетті. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырып бүлдіршінді қараусыз қалдырмауды ескертіп жүр.


 Балалар періште емес, олар ұша алмайды. Сондықтан оларды бір сәт те көзден таса қылуға болмайды. Қазіргі таңда еліміз бойынша балалардың терезеден құлап қайтыс болған жайты көп дейді төтеншеліктер. Сондықтан олар бүгін Наурыз алаңына шығып балалар көп жиналатын орындаата-аналарға түсіндірмелік жұмысын жүргізіп жадынама таратты.  Таңшолпан Сәрсенова қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрады. 5 баласы бар. Алғаш баласы дүниеге келген күннен бастап пәтерінің терезесін құнттап, қоршау орнатып қойыпты. Қайғылы жағдай орын алмас үшін баладан көз жазып қалмау керектігін айтады. Терезеден құлау бойынша Шымкентте ғана емес, елдегі көрсеткіш көңіл көншітпей тұр. Себебі жыл басынан көпқабатты үй терезесінен 123 бала құлап кеткен. Оның 13-і бақилық болды. Ал Шымкент қаласы бойынша жалпы 5 жағдай тіркелген . Оның бір жағдайы қайғылы 1 бала қайтыс болған. Түрлі дене жарақатын алған. Қазіргітаңда департаменттен қарқынды түрде министрліктің тапсрымасына сәйкес балалардың терезеден құлаудың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндірмелік үгіт насихат жұмысы жүргізілуде.  Наурыз алаңында өткен іс-шарада Көкшетау қаласындағы ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының түлектері мен курсанттары, флешмоб билеп, тұрғындарға көңіл күй сыйлады.