Кезекті жұмыс күні түркістандық тәртіп сақшыларына 153 миллион теңге берешегі бар “Ravon Nexia R3” автокөлік иесін анықтады.  Белгілі болғандай,  қыруар қаржыны  жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл ретінде арқалаған. Оның басым бөлігінде ақылы жол, жылдамдық арттыру, рұқсат етілмеген орынға көлік қою т.б құқық бұзушылықтар.

Қалғаны банк пен алимент бойынша берешек екені расталды.Полицейлер автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көлік айыптұраққа қойылды.  Айта кетсек, соңғы айда түркістандық полициямен «Қорғау» бағдарламасымен айыппұлы төленбеген 100-ге жуық автокөлік анықталып, айыптұраққа қойылған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады. Түркістан қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері "Қорғау - қауіпті жүргізуші" бағдарламасы арқылы қала аумағында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізуде.