Париж олимпиадасында өнер көрсеткен Сәкен Бибосынов қарсыласын айқын басымдықпен 5:0 есебімен жеңіп, 1/4 финалға жолдама алды.



 51 келіде сайысқан жерлесіміз Сәкен  түрік қарсыласы Самет Гюмюшті айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға шықты. Есеп: 5-0. Келесі кезеңде Сәкен Өзбекстандық Хасанбай Дусматов пен күш сынасады. Бокстасу 3 тамыз күні түнгі 00:20 да қазспорт арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Айта кетейік, Сәкен Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген. Әлем чемпионы және қола жүлдегері. 


Ал бүгін сағат 14:00-де шаршы алаңға  57 келі салмақ дәрежесінде Махмуд Сабырхан шығады. Ол Испаниялық Хосе Кулес Бротоспен жұдырықтасады. Шымкент қаласынының тұрғындарын Қажымұқан атындағы орталық стадионға жанкүйер болуға шақырамыз! Тікелей эфирді Қазақстан, Қазспорт және Хабар арналарынан көре аласыздар.