Шымкенттегі Еңбекші ауданына қарасты Испиджап тұрғын алабының тұрғындары ауызсусыз отыр. Халықтың талай жылғы өтінішін сейілту мақсатында биыл осы елдімекенге тіршілік нәрі жеткізілмек. Қазір мердігері анықталып, құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Аудан аймағындағы жекеменшік элекрт желілері жаңартып, трансорматорлар орнатылып жатыр.
 ПЕРИЗАТ БИНАЗАРҚЫЗЫ – ТІЛШІ:

Ауданда табиғи газбен қамту көрсеткіші 90% құрайды. Кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды. Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. «Ұлағат» шағынауданында басталып, сапасыз аяқсыз қалған құрылыс үшін мердігер мекеменің үстінен арыз тасталған.


 Ауданда ұзындығы 733 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткелдер бар. Жолдардың 535 шақырымы асфальт, ол 73% құрайды. 21,5%  тас жолдар. Топырағы шығып жатқандары да жоқ емес. Биыл ұзындығы 30,5 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеу жоспарланған. Жұмыстар басталды.
 

ПЕРИЗАТ БИНАЗАРҚЫЗЫ – ТІЛШІ:

Аудан аумағында күз бен көктем мезгілдерінде жауын-шашын салдарынан су басып қалатын 57 мекен-жай анықталған. Осыдан екі жыл бұрын қауіпі жоғары аймаққа ұзындығы  7 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар орнатылған. Аталған жұмыстарды қадағалау жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына берілді. Қазіргі таңда мекен-жайларға барып, зерделеу жұмыстары жүргізілуде.