Шымкент әуежайынан Стамбул бағытына ұшатын жолаушылардың бірі алтынға ұқсас құйманы заңсыз тасмалдамақ болған. Салмағы 1,5 келіге жуықтайтын бағалы металл кеденік тексеріс кезінде анықталған. Батылдық танытып, контрабандалық тауардың жолын кеске кеден қызметкері «Құрмет» орденін иеленді. Ол бүгінде барша жас мемлекеттік қызметшіге үлгі болып отыр.
4 мамыр, Шымкент әуежайының кеден бекеті. Ауысым бойынша жұмысқа Дәркен Бекниязұлы түседі. 18:00-де Стамбұл бағытына халықаралық рейс ұшады. ВИП залындағы кезекті жолаушының қол жүгі күдік тудырады. Рентген аппаратынан түсініксіз зат анықталып, оның не екенін білу үшін сөмкеден шығаруын сұрайды.
Әуежай мен кеден бекетінің қызметкері жедел түрде жолаушыны қуа жөнеледі. Шекара қызметі, әуежай қауіпсіздігіне жауапты мамандармен бірге күдікті жолаушыны ұстап, акт толтырылады. Бағалы металл экономикалық тергеп тексеру департаментіне жолданады. Дәркен Байтелиевтің контрабандалық тауарды шекара асырмай анықтап, оның жолын кесудегі әрекеті жоғары бағаланады. Қырағылық танытқан кеден қызметкеріне Президент жарлығымен «Құрмет» ордені беріледі. Ал Мемлекеттік қызмет істері департаменті де Дәркен Бекниязұлы сияқты кәсіби кадрлар ел мақтанышы екенін айтты. Осы мақсатта арнайы жоба да қолға алынған.
Дәркен Бекниязұлы мемлекеттік қызметшінің мәртебесі тікелей өзіне байланысты. Заңды құрметтеп, адал еңбек етсе, абыройы артанын анық деп санайды. Оның мемлекеттік қызметте жүргеніне биыл 15 жыл болады. Осы жылдар ішінде ел мүддесі жолында аянбай еңбек еткен азамат жас мемлекеттік қызметшілерге үлгі. Бүгінде қоғам билік өкілдерінен әділ әрі адал қызмет етуді, күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін мемлекеттің өркендеуіне жұмсауды күтеді.