Негізгі Жаңалықтар МЕРДІГЕРЛЕРДЕН МЕЗІ БОЛҒАН

МЕРДІГЕРЛЕРДЕН МЕЗІ БОЛҒАН

Аудан әкімдіктері мердігер мекемелердің салғырттығынан жапа шегіп отыр. Халыққа уәде етілген көп жұмыс компаниялардың жауапсыздығынан аяқсыз қалып жатады. Мәселен Әл-Фараби ауданында 500-дей қоқыс жәшігі уақытылы жеткізілмей қалған. Балалар алаңшаларындағы құрылыстың сапасына қатысты сын да көп.



ПЕРИЗАТ БИНАЗАРҚЫЗЫ – ТІЛШІ: 

Әл-Фараби ауданы қаланың қақ ортасында орналасқан. Сондықтан осы маңда көпқабаты үйлер көп. Ауданда атқарылып жатқан жұмыс қарқынды. Мамандар жыл соңына дейін 70 ауланы абаттандырып, 20-дан астам үйдің қасбетін әрлейміз деп отыр.


Қала орталығындағы үйлердің сыртқы қабатын жарықтандыру ісі де нәтижелі. Биыл 118 көше жарықтандырылып, 114 орынға бейнебақылау камерасы орнатылады. Орталық 38 көшенің 4-еуіне күрделі, 30-на ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.


 ПЕРИЗАТ БИНАЗАРҚЫЗЫ – ТІЛШІ:

Әл-Фараби ауданыны аумағында 3 гүлзар салынады. Олар Диваева, Жандосов көшелерінде орналаспақ. Орталық көшелерді күтіп ұстау ісінде коммуналдық мекемелердің көмегі орасан. Ел аумағында қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясын жүйелі атқаруға осы мекемелер көп күш салған.

Бөлісу