Кентау қаласындағы №5 Жылу энерго орталығы қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Стратегиялық маңызы бар нысанның күрделі жөндеу жұмыстарын облыс әкімі Дархан Сатыбалды бақылауына алған.
Ол кезекті рет Кентау қаласына барып, атқарылып жатқан жұмыс барысын бақылады. Жауаптылармен штаб кеңесін өткізіп, тиісті тапсырмалар берді. Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.
Қазандықтарды реконструкциялау бекітілген кестеге сай үздіксіз жүруде. Нысан басында екі ауысымда 180 адам еңбек етеді. №8 және 11 қазандықтарда жылу-механикалық бөлік бойынша жұмыстар 99 пайызға аяқталды. №9 қазандықта монтаждау ісі 58%-ға, ал №10 қазандықта 75%-ға орындалды. №7,12 қазандықтары бөлшектеліп отыр. Ал 6 қазандыққа түтін шығаратын құбыр дайындалып жатыр.