10 тамызда зейнетақы жинағын алу қағидаларын өзгерту туралы жаңартылған бұйрық күшіне енеді.


 Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын пайдалану ережелерінен Қазақстан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтерді (протез салу, имплантация) алып тастауды ұсынып отыр. Бұйрық күшіне енсе, 10 тамыздан бастап қазақстандықтар осы стоматологиялық қызметтерге зейнетақы жинағын жұмсай алмайды.