10-15 тамыз аралығында ҰБТ өтеді. Бұл шекті балл жинай алмағандарға ЖОО-ға ақылы негізде түсуге мүмкіндік беру үшін өткізіледі.


Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. Тамыздағы ҰБТ-ға биылғы және былтырғы мектеп, колледж түлектері, қандастар, ҚР азаматы емес, бірақ ұлты қазақ азаматтар, шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, өзге мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатыса алады.