Жазасын өтеушілерге келетін азық-түліктің арасынан есірткі шығады. Мекеме қабырғасында шектеу қойылған заттарды сотталушылардың таныстары мен туыстары алып келеді екен.
Жыл басынан бері Шымкенттегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №53 мекемесінде осындай 7 дерек тіркелген. Түзеу мекемесі ғимараты елді мекеннің қақ ортасында орналасқан. Сондықтан сырттан абықты ауласына түйіншек лақтыратындар да көп екен. Есірткі тастайтындар аула сыртынан айналып өтіп, мекеме қорғанына жиі келеді. Көзді ала бере түйіншегін лақтырып үлгереді. Сондайда жазасын өтеушілерді жарылқаймын дегендер өздері жаза арқалайды. Есірткімен күрес күшейтілген.