Шымкентте бір күнде үш егіз дүниеге келді. Барлығы - ұл бала. Бір қызығы, есімдерін ата-аналары ойласқандай Нұр-дан бастапты. Нәрестелер мен жас босанған аналардың жағдайы қалай? Перзентханаға барып қайтқан тілшіміз Гүлнара Асқарқызының беймематериалын көрейік.
Алғаш рет ана атанған Арайлым Қараманованың қуанышында шек жоқ. Құшағыма қос перзентімді алғанда, барлық қиындықты ұмытып кеттім деген келіншек, сәбилерге ата-апасымен ақылдасып Нұрислам, Нұрдияр деп есім беріпті. Әртүрлі салмақта туылған нәрестелер мен жас ананың жағдайы жақсы.


 Арайлыммен қатар №2 қалалық ауруханасының перзентхана бөлімшесінде  сейсенбі күні екі ана егіз босанған. Дүниеге келген сәбилердің бәрі ұл балалар екен. Нәрестелердің есімін ата-аналары ойласқандай Нұр-дан бастапты. Сәрсенбінің сәтінде тағы бір егіздер өмір  келіпті.


 №2 қалалық аурухананың перзентхана бөлімшесінде  жыл басынан бері 3262 бала дүниеге келген. Оның 34-і егіздер екен. Араларында 1 үшем бар. Қаңтардан бастап 3-ші деңгейлі акушерлік көмек көрсету орталығы статусын алған перзентханада жағдайы ауыр жүкті әйелдерге көмек көрсетіліп, ай-күніне жетпей туылған нәрестелер бақылауда болады.