Акватерапия. Шымкентте дағдарыс орталығының балалары осындай ем қабылдады. Күйзелістен арылып, көңіл-күйді көтеру мақсатында өткізілген шаркаға 40-қа жуық жеткіншек қатысты. Олар қоғаммен тең құқылы өмір сүріп, алдағы уақытта теріс әрекетке бармауға дағдыланып жатыр.
КСМ: Акватерапия шарасына №3 әлеуметтік қорғау орталығы мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Мамандар осындай терапия арқылы жастарға дағдарысты жеңуге жол ашып отыр.
СПИКЕР: АЙГҮЛ ҚАНАТҚЫЗЫ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
01:45 Акватерапия деген ең үлкен терапияның бірі.
КСМ: Жастар ресурстық орталығы мұрындық болған шараға жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасаған. Бірі балалардың келіп-кетуін қамтамасыз етсе, енді бірі демалыс аймағын тегін пайдалануға беріп отыр. Игілікті шараға тәрбиешілер разы.
СПИКЕР: НАҒИМА АДЫЛБАЕВА, ТӘРБИЕШІ
КСМ: Шара бір жағынан балалардың жазғы демалыстарын тиімді өткізу мақсатында қолға алынып отыр. Қоғамның негізгі міндеті дағдарыстағы балаларға қолдау білдіру. Сондықтан оларды күйзелістен толық айықтыру мақсатындағы шаралар жалғасын табады.