10 тамыз ¬– Абай күні. Ұлт руханиаятының темірқазығына айналған ұлы тұлғаны ұлықтау шаралары шалғасып жатыр. Кезекті жиын 6506 әскери бөілімнде ұйымдастырылды. Шарада әскери қызметшілер бас ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөзін жатқа айтты.
Айтулы шара Абай күніне орайластырылған 10 күндік аясында қолға алынған. Негізгі мақсат сол ¬– қазақтың біртуар ақынының еңбектерін дәріптеу. Әскери қызметшілерді шығармашылық тұрғыдан дамыту.
Сайысқа әскери қызметтегі 10 азамат қатысты. Десантшылар: «Абайдың өлеңін оқу ¬ қазақтың тіршілігін наихаттаумен тең», - деп отыр. Әр қара сөзінен алар ғибрат бар. Сондықтан оны жатқа білу ¬– парыз.
Ұлттық киімде ұлт ақынының шығармашылығын дәріптегендер мұндай сайысқа бірінші рет қатысып отырған жоқ. Әскери қызметте жүргенімен төл туындылар қатысушылардың үнемі жадында. Қазақтың бас ақынына арналған айтулы күнді шымкенттіктер осылайша сән-салтанатымен атап өтті.