Түркістан облысында сапасы мен сәулеті келіскен ғимараттар бой көтереді. Дархан Сатыбалдының төрағалығымен арнайы жиын өтті. Онда Түркістан қаласы мен облыс аумағындағы елді мекендерде қолға алынатын сәулеттік жобалар сараланды.

 Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында салынатын асхана сарайы мен балабақша жобасы қаралып, осы аумақтағы тұрғын үй кешендерінің және коммерциялық нысандардың қасбеттерін әрлеу үлгілері көрсетілді. Мәдениет үйі мен жаңа саябақ үлгісі, «Күлтөбе қалашығы» және «Ұлы Жібек жолы» жобалары пысықталды. Әр ғимараттың сәулеттік кейіпі бойынша ұсыныстарды тыңдаған облыс басшысы сапаға мән беруді, ал кейбіріне өзгеріс енгізуді тапсырды. Облысқа қарасты аудан, қалаларда бой көтеріп жатқан нысандардың сапасымен қатар, сәулеті де назарға алынған. Жиын барысында Келес, Сауран және Сарыағаш аудандырында салынатын Мәдениет үйлерінің жобалары да пысықталды. Сонымен қатар Жетісай, Мақтаарал, Ордабасы, Сарыағаш, Шардара аудандары мен Арыс қаласындағы ғимараттар мен жалға берілетін тұрғын үйлерге ұсыныстар айтылды.