Шығынға шаш етектен батып жұмыс істегіміз келмейді. Бұл энергетика вице-министрімен кездесуге келген кәсіпкерлердің жан айқайы. Олар коммерциялық газды әкеліп, оны мемлекет бекіткен шектік бағамен саудалағысы келмейді. Себебі кәсібі кері кеткенін қаламайды. Сұйытылған газ бағасын қымбаттатуды сұрағандарға министрлік өкілі қалай жауап берді? Әріптесім айтсын.


Сұйытылған газ тапшылығы әлі де өзекті. Елде өндірілетін бұл отынның түрі ішкі нарықты толық қамтымайды. Нәтижесінде жыл сайын 20-25 пайыз тапшылық байқалады. Ал кәсіпкерлер шығынға батып жұмыс істегісі келмейді.
 Автогаз бағасын қымбаттатуды сұраған кәсіпкерлерге вице-министр әзірге Мұндай мүмкіндік жоқ деп қысқа қайырды. Себебі бірінші кезекте халықтың пікірімен санасу қажеттігін де жеткізді.
Жиынға қатысқан тағы бір кәсіпкер жауаптылардан әділдік сұрады.
 Ал министірлік коммерциялық газ алып келгендерге әлеуметтік газ көбірек бөлінетіндігі нормативтік құқықтық актімен рұқсат етілген деді.
 Бұдан бөлек кездесуде біздің елдегі сұйытылған мұнай газының бағасы шет елдермен салыстырғанда 2-3 есеге арзан болатыны айтылды. Сол себепті шекаралық аймақтарда заңсыз сауда қызып тұрған көрінеді. Айта кетейік, Энергетика министрлігі жыл соңына дейін 1,6 млн тонна сұйытылған мұнай газын өндіреміз дейді. Алайда газбен жүретін көліктердің саны жылына шамамен 20% өсіп, қазір 600 мыңнан асып отыр. Бұлай жалғаса берсе газ тапшылығы одан әрі ушығуы мүмкін.