Кәріз жүйесін тартамыз деп жұртты әуреге салды. Еңбекші ауданына қарасты Ұлағат шағынауданының тұрғындары «көшеде жүруден қалдық», – деп отыр. Бұған дейін төселген тасжолды бірнеше рет қазып тастаған мердігер ауқымды жобаны аяқсыз қалдырып кеткен.


 Биыл Роза Сүйеубекованың Ұлағат шағын ауданына қоныстанғанына 15 жыл болды. Осы аралықта көршілерімен көшеге шағал тас төсеп, орталықпен қатынасты реттеген. Алайда инфрақұрылымдық жүйелер үшін жолды бірнеше рет қазуға тура келген. Салдарынан күн ашықта ақ шаң, жаңбыр жауса батпақ-көлге айналатын болды,- дейді.


 РОЗА СҮЙЕУБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
- Бірінші ақша жинап тас төседік суға қазды. Одан қайтадан тегістеді. Болды дегенде тас төседік әр машинасын 17 мыңнан өтірік болмасын. Канализация қазды. Әр жаңбыр жауған сайын мынау ойылып-ойылып түсіп кетеді. Шақырып жүріп, тас төсетеміз. То машина түседі, то адам түседі.


 Балбұлақ көшесіндегі бүтін асфальт та бүлінді. Басты көшенің жолы жылға жетпей тозып, көлік қозғалысын қиындатқан. Жолдың ойық-шұңқыры көбейген соң ескерту белгісі ретінде әр тұсына көлік баллоны қойылған. Тұрғындардың шағымынан кейін тас төселіп, көшенің деңгейі көтеріліп кеткен. Енді такси жүргізушілері қызмет көрсетуден бас тартып, медициналық жедел – жәрдем көліктері де кешеуілдеп жететінін айтады.


 МАРАТ СҮЛЕЙМЕН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
- Жедел-жәрдем шақырсаң көшелеріміз тар. Жолдың сиқы манау батып қалып, кіре алмай жатады. Көшелеріміз былай қырға қарай кеткен ғой қыстыгүні вообще жүре алмайды газелдер. Қалада тұрамыз дегеніміз болмаса ешқандай цивилизация көрініп тұрған жоқ.


Ұлағат шағын ауданына кәріз жүйесін тарту 2021 жылы басталды. Жобаға жергілікті қазынадан 1 млрд 425 млн теңге бөлініп, 2022 жылы құрылысы аяқталды. Алайда оны іске қосу кезінде біршама кемшілік анықталған. Енді тапсырыс беруші мекеме атынан Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хат жолданды.


 ЕРАЛХАН ЕШАНҚҰЛ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
- Экономикалық тергеу департаментіне тиісті хаттарды жолдадық. Тиісті құжаттарды өткіздік. Келесі әрекет осы департаменттің жауабына байланысты. Мердігер мекемені міндеттейді қайта қалпына келтіру жұмыстарын толығымен жүргізуге немесе мердігер мекемені жосықсыз деп таниды.


Қала билігінің мәлімдеуінше мердігерлер барлық ақауды өз есебінен қайта қалпына келтіруге әзір. Бірақ енді тергеу қорытындысын күтуге тура келеді. Сондықтан көшелерді жарықтандыру мен жаңадан асфальт төсеу осы шешімнен кейін білгілі болады.