Шымкент қаласының қорғаныс істері департаментінің қалалық жиын пунктінде жастарды әскерге шақыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиында 2024 жылдың күзінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға даярлаудың негізгі мәселелері қаралып, көктемгі шақыру науқаны қорытындыланды.
Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев көктемгі шақыруды қорытындылап, күзгі науқанға арналған жұмыс жоспарын жеткізді. Жиында медициналық комиссия мен әскери қызмет өткеруден жалтарған әскерге шақыру жасындағы азаматтарға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қолдану жөнінде түсініктеме берілді. 2022 жылдың күзінен бері әскерге шақырылушыларға «кредиттік демалыс» беру жүйесі жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі мен еліміздің жоғары оқу орындары арасында «азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы ынтымақтастық туралы» келісімге қол қойылған. Ерекшеленген сарбаздар еліміздің 80-нен астам жоғары оқу орындарына жеңілдікпен оқуға түсе алады.
ӘБДІҒАБИТ ШЕГЕБАЕВ – ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛКОВНИК
-- Екінші қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін күзгі әскерге шақыру науқаны басталады. Сол үшін жеке құраммен барлық қадағалаушы органдардың басшысларын шақырып, осы жерде жеке құрамға жеткіздік. Дүйсенбіден бастап бізде шеара қызметіне бастаймыз. Бірніші отправкамыз ол 6-шы қыркүйекте жібереміз. Баратын жері Қордай ауданы Жамбыл облысына.