Таңмен таласа оянған көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, танымды ақпарат, пайдалы кеңес, мәдени мәлімет тарататын «Таң нұры» ақпаратты-сазды бағдарламасы жаңа маусымын ерекше форматта бастады. Хабар уақыты бір сағаттан бір жарым сағатқа ұзарып, жаңа жүргізушілермен толықты. Техникалық мүмкіндіктер жетілдіріліп, декорациясы жаңарды.


Көрерменнің көңілін тауып, тың ақпарды тікелей жеткізетін «Таң нұры», айшықты жағдаяттар мен маңызды жаңалықтарды оқиға орынынан жеткізеді. Меймандарын босағадан қарсы алып, қонақжайлық танытады. Тосын сауал қойып, көрерменнің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алады.


НҮРКЕН КҮЗЕРБАЕВ, БАҒДАРЛАМА РЕДАКТОРЫ
 - «Бір жарым сағаттың ішінде таңғы ақпарат, мәдени жаңалықтар таңғы ас, пайдалы кеңестердің бәрін ұсынамыз. Алдағы уақыттарда жақсы жаңалықтар болады деген ойдамыз»

“Таң нұрының” бүгінгі қонағы – эстрада жұлдызы Қайрат Түнтеков. Оңтүстік телеарнасын қара шаңыраққа балаған әнші мұнда жиі қонақ болған. «Бірақ, келмегеніме он жылға жуықтады, сағынып қалыппын. Оңтүсік арнасы да жетіліп, ажарлана түскен»,-дейді ол.   


ҚАЙРАТ ТҮНТЕКОВ, ӘНШІ
– «Декорация, барлық жағынан маған қатты ұнады. Мен сол Алматыда, Астанада сұхбат беріп отырғандай болдым» 


Айта кетейік, «Таң нұры» ақпаратты-сазды бағдарламасы дүйсенбіден жұмаға дейін, таңғы 8 - 9:30 аралығында көрерменмен қауышады.