Түркістан облысының тұрғынынан есірткі тәркіленді. Күдікті полицейлердің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қолға түскен.


 Ол өз үйінде есірткі заттарын заңсыз сақтаған. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды тінту барысында анықтаған. Белгілі болғандай, азаматтың үйінен "марихуанаға" ұқсас есірткі заты бар ыдыстар табылған. Оның жалпы салмағы 3,5 келіден асады. Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Күдікті камауға алынды.