Шымкентте жыл басынан бері 5 мыңнан астам есірткі жарнамасы анықталған. Айласын асырғандар әлеуметтік желі арқылы жергілікті тұрғындарды жұмысқа шақырып отырған. Сондай-ақ жастарды үгіттейтін үнпарақтар мен граффити суреттерді пайдаланған.


Жеткіншектердің болашағына балта шабатын осындай әркеттердің алдын алуда полцейлер белсенділік танытып келеді. Есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары жүргізілді Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес, есірткі, психотроптық заттарды заңсыз жарнамаланған орындар анықталған. Оларды жою бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар қолға алынған. 8 айда 5 мың жазба жойылды. Осы орайда тәртіп сақшылары есірткі заттарын насихаттағап, жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.