Шымкентте созылмалы сырқатына байланысты диспенсерлік есепте тұратын 4 мыңға жуық науқас азамат мемлекеттен берілген тегін медициналық дәрі-дәрмекті ала алмаған. Прокурорлық тексеру кезінде осындай заңсыздық қалада бір емес, 12 емханада анықталды.
Прокурорлардың айтуынша дәрілік препараттар емханаға жеткізілгенімен, медицина қызметкерлері науқастардың өзі келмеді деген сылтаумен сақтап отырған. Осыған байланысты 12 емхананың бас дәрігері тәртіптік жазаға тартылды. Оларға 2 миллион теңге айыппұл салынды. Дәрілік заттар науқастарға таратылды.
ҚАЛИ БЕЙСЕНБАЕВ- ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ
---108 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Бұл жағдай бір жыл ішінде тағы да қайталанса олардың фармацевтикалық қызметпен айналысу қызметінің тоқтатылуына әкеп соқтырады.