Естімеген елде көп. Шымкенттік өнер үйірмесі қайтыс болған баланы да оқытып, үкіметтен ақша алып отырған. Бұл туралы бүгін қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы мәлімдеді.
Тиісті тексерістер нәтижесінде үйірмелер тізімінде тұрған 2 мыңнан астам қатысушының шын мәнінде көрсетілген үйірмеге бармайтыны, мүлде бармағаны анықталған. Тіпті тізімге қайтыс болған баланың құжаттары да тіркеліпті. Әккілер жоқтан бар жасап, балалар үшін бөлінген қаржыны қисынсыз пайдаланып келген.
БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Шетелге шығып кетпек түгілі өмірден өтіп кеткен балалар да бар екен. Өмірден өтіп кеткен бірақ сол баланы тіркеп ақша алып отырған өнім берушілер бар. Біз прократурамен бірлесіп осындай 40-қа жуық фактіні анықтап отырмыз» - 05 13 // ALI9514 //