Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Шымкентке арнайы жұмыс сапарымен келді. Іс-сапар барысында Мәлік Нұржанұлы мегаполис жастарымен және ұстаздармен кездесу өткізді.  Жиын барысында ол Мемлекет басшысының халыққа жолдауын жан-жақты түсіндіріп, елімізде іске асырылатын жобалар жөнінде айтты. Сонымен қатар 6 қазан күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысып, елеміздің болашағы үшін дауыс беруге шақырды.
Алдымен президент кеңесшісі Жастар ресурстық орталығында мегаполистің белсенді жастарымен кездесті. Жиын Мемлекет басшысының соңғы Жолдауын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Шымкенттік жастар маңызды құжатта берілген басымдықтар ерекше серпін бергендігін айтты.
 АХАН БЕСБАЕВ – М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
- Бүгінгі жиын шынында Президенттің жолдауын жастарға түсіндіру. Бұл біздің қаламызда әр-бір жастардың жиынында, әр-бір  ортада президентіміздің жолдауы үнемі назарда.  Қазір Мәлік Нұржанұлыда жастармен еркін кездесу және еркін сұрақтарға жауап беруде. Негізгі тақырып, президентіміздің 2 қыркүйек күні жолдаған жолдауы.
Кездесуде Мәлік Нұржанұлы жолдауда айтылған бастамалардың маңыздылығына тоқталып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты бағыттар жайлы баяндады. Ел болашағы жастардың қолында екенін баса айтып, өскелең ұрпақты кітап оқуға шақырды.
МӘЛІК ОТАРБАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ
- Кітап оқымайтын адамның болашаққа сенімі болмайды. Кітапо қымайтын адамның кеудесі қуыс болады. Кітап оқымайтын адамның былай айтқанда жан дүниесі қараңғы болады. Біздер өкінішке орай ұлттық әдебиетімізден кішкене алыстап бара жатырмыз. Оны біз неден байқаймыз. Оны күнделікті сөйлейтін тілімізден, әлеуметтік желідегі жазбалардан біз бірден байқап отырамыз. Кәтапқа жақын болайық. Келесі кездескенде осы жастарымыздың қолынан мен кітап көрсем мен қуанамын. Келесі кездескенде кітап көрейін қолдарымыздан.
Сондай-ақ президент кеңесшісі Түркістан сарайында жергілікті ұстаздармен кездесті. Жиында елімізде іске асырылатын жоспарлар, білім саласының дамуына қатысты мәселелер айтылды. Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Жолдауларында адал адам, әділетті қоғам орнатуға басымдық бергеніне тоқталып, білім саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру мақсатында ғылым мен білімге, тәрбиеге үлкен мән беру қажеттігін жеткізді.