Опера және балет театрының сахнасында «Астана Операның» көптен күткен гастролі өтті. Елордалық труппа қазақстандық композиторлардың туындыларымен қатар, әлем жауһарларына толы жарқын бағдарламаны таныстырды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен концерт елордалық театрдың Қазақстан бойынша турлар географиясын кеңейтті.
Елордалық әртістерді көрермендер шаттана қарсы алды. Өнерпаздар да көпшілікті асқақ өнердің атмосферасына бөледі. Қазақстандық композиторлардың туындыларының орындалуы бағдарламаға ерекше маңыздылық берді. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан Шегенің термесі мен М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсынан Айтыс сахнасы сынды ұмытылмас сәттер тыңдармандарға зор әсер қалдырды.
МЕЙІР БАЙНЕШ, "АСТАНА ОПЕРА" ОПЕРА ТРУППАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
- Гала операға Құрамында әйгілі сахна шеберлері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жұпар Ғабдуллина, Жанат Шыбықбаев, , Бибігүл Жанұзақ, Бағдат Әбілханов, Раушан Бескембирова, халықаралық байқаулардың лауреаттары Гүлдана Алдадосова, Талғат Ғалеев, Болат Есімханов, Талғат Аллабиринов бар
Бұл шығармалар ұлттық музыкалық мәдениетті көрсетеді және оларды орындау – түп тамырымызға оралуды білдіреді. Қазақстандық композиторлардың музыкасы әлемдік классиктердің арияларымен үндесіп отырды. Шабытқа толы өнер көрсетулер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрінің және хорының сүйемелдеуімен өтті.
АБЗАЛ МҰХИТДИН, "АСТАНА ОПЕРА" ДИРИЖЕРІ
-Евгени Бруселовский Қыз жібек операсынан Шегеніғң термесі Біржан сараның айтыс көрінісі сараның ариясы Осы театр сахнаса шағын болғасын шағын хор оркестр алып келдік бағдарлама екі бөліктен тұрады.
Бағдарлама соңында Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің орындалуы әртістер мен көрерменді отансүйгіштік сезім аясында біріктірді. Өз елі үшін мақтаныш пен бірліктің символы ретінде орындалатын бұл композицияны көпшілік тік тұрып қосыла шырқады.