Шымкентте Халықаралық қарттар күнін атап өту кештері басталып кетті. Мерекелік жиынның алғашқысы этно-мәдени бірлестіктердің қатысуымен өтті.
А.С.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында өткен шарада өзге ұлт өкілдері қазақтың әнін шырқап, туған жероге тағзым етті. Атамекендеріне айлалған қазақ жеріне деген құрметтерін жеткізді. Қиын-қыстау заманда қолтығынан демеп, аяқтан тұруына жәрдем еткен қазақ ұлтына алғыстарын айтты. Қарты бар ел – қазыналы деп, тіршіліктің берекесіне айналған қарияларға құрмет қашанда биік бола бермек. Елдің өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен ақсақалдарды арда тұтып, оларға төрден орын беру – міндет. Осындай игілікті насихаттаған кезекті жиын Халықаралық қарттар күнімен тұспа-тұс келді.