Чек талап ет те бағалы сыйлық ұтып ал! Мемлекеттік кірістер департаменті деректерді тіркеу аппаратынан алынған түбіртектерге байқау жариялайды. Мұндағы мақсат – тұтынушылар құқығын қорғап, түбіртек мәдениетін ұштау. Өкінішке қарай, азматтар сатып алу кезінде берілетін түбіртекке немқұрайлы қарап, қоқыс жәшігіне тастай салады. Алайда, тауар жарамсыз, не сапасыз болған жағдайда оны кері қайтару үшін де тап осы чек қажет. Сондықтан департамент қызметкерлері: әрбір төлем түбіртегін сақтап, дәлел-дәйекке мұқият болуға шақыратын. Мақсат аясында өткізіліп жатқан акция, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
ДИАНА ҚАЛДЫ, ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
– «Акцияға қатысу үшін: тауарларды сатып алу немесе ақылы қызметтер алыңыз, фискалдық чекті алып, оны «Amian» қосымшасына тіркеңіз.«Amian» қосымшасын App Store және Play market-тен тегін жүктеуге болады.» «Чек – бұл сіздің тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғау құралы. Ол сатып алу немесе қызмет алу фактісін растап қана қоймай, сапасыз тауарды қайтаруға немесе ауыстыруға кепілдік береді.»