Негізгі Жаңалықтар Б.САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХІХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Б.САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХІХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир басталды. Жасөспірімдер арасындағы бокс бәсекесіне елі іші мен шет елдерден 300-ге тарта жас спортшы қатысуда. Болашақ чемпиондарды тәрбиелеп, әлемдік аренаға дайындау мақсатындағы турнирге біздің тілшілер де қатысып қайтты.
Қазақтың мақтанышы Бекзат Саттархановты эеске алуға арналған турнир 19-шы рет ұйымдастырылып отыр. Олимпиада чемпионының бесігін тербеткен қасиетті мекендегі шараға Бекзаттың ата-анасы арнайы қатысып, ұлдарының ізін жалғап келе жатқан саңлақтарға сәттілік тіледі.
СЫРЛЫКҮЛ АДЫРБЕКҚЫЗЫ, Б.САТТАРХАНОВТЫҢ АНАСЫ
- Үлгі, өнеге, тәлім-тәрбиеге негізделген бүгінгі жиын Бекзаттың ізбасарларын дайындауға мол мүмкіндік береді. Қазақтың балалары мықты, олар кез-келген бәсекеде топ жаратынына сенім мол.
Халықаралық турнирге Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларымен қатар, Шымкент, Алматы, Астана қалалалыранан, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан 300-ге тарта боксшылар қатысты. Сайдың тасындай іріктелген спортшылардың аяқалысы да қарқынды.
 НҰРБОЛАТ САПАРБАЙ, «ҰЛЫТАУ» ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАПКЕРІ
Турнир жоғары деңгейде өтіп жатыр. мен Ұлытау облысынеан 30-ға тарта бала алыпк еліп отырмын. Олар осы бокстан болашақ чемпиондар. Бүгінгі бәсекеде де жоғары көрсеткішке қол жеткіземіз,-деп ойлаймын.
 Қазақтың атын әлемге танытып, олимпиадада топ жарған Бекзат Саттарханов «Мен әлі 2-3 рет чемпион боламын»,-деген. Боксшының осы уәдесін ізбасарлары орындап үлгерді. 19-шы турнирде бақ сынаған саңлақтар да сол Бекзат салған жолды жалғаушылар.

Бөлісу