РЕКТОР МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТЕРГЕЛІП ЖАТЫР
Әлеуметтік желіде Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры парамен ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Онда оқу ордасының басшысы 28,5 миллион теңге көлемінде пара алды делінген. Сондай-ақ ондағы мәліметте оқу ордасының тағы екі лауазым иесі мен екі компания басшылары қамауға алынғаны айтылған.
Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіндегілер ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпаратты айта алмаймыз дейді департамент басшысының орынбасары. Белгілісі – күдіктілер мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр.